
Шымкентте жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтуде.
Бүгінде 14 жылдан бері жөндеу көрмей тозы шыққан Дулати көшесі жаңарды, яғни Рысқұлов-Тәуке хан даңғылына дейінгі 3,2 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол, арнайы таңбалар салынды.
Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жеткізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі