
WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді салды.
Жергілікті чемпион әйелдер арасында +68 келі салмақтағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунгпен күш сынасты. Жекпе-жек басталғаннан ширақ қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3-0.
Берульцева - Каратэден Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі.
2021 жылы каратэден Токио қаласында (Жапония) өткен ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Сондай спортшы - Азия Чемпионтының үш дүркін жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері,
Тенерифе /Испания/ қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы.
2022 жылы Конья қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ойындарының, Премьер Лига рейтингтік Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі