ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады.

Олар:

- Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.

- Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;

- Медициналық орталықтар қызметі, жазылу бойынша;

- Сауда-ойын орталықтары. Олардың ішінде орналасқан балалар ойын алаңы, мұз алаңы, батут, кинотеатр және фудкорттар қоспағанда;

- Азық-түлік базарларының қызметі;

- Ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен өзге дүкендер де қайта іске қосылады;

- Сауда базарлары
(мал базары мен автокөлік базарларын қоспағанда)

- Құрылыс дүкендері, саяжай инвентарын сататын, оптика, гүл дүкендері, зоодүкендер

- Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар;

- Сұлулық салондары
(алдын ала жазылу бойынша)

- Бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер, жеке сот орындаушы және т. б.);

- Спорт мектебі және секциялар қызметін (15 адамға дейінгі жеке топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);

- Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілер:
-типографиялық қызметтер көрсететін объектілер,
-тігін ательелері,
-аяқ киім шеберханалары,
-киім жөндеу жөніндегі сервис,
-химиялык тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілер;

- Қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері (қонақүйлер, отельдер, хостелдер, туристік базалар және т.б.)

- Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар

- Қоғамдық тамақтану объектілерінің жеткізіп беру қызметі

- Балмұздақ дайындау және сату орындары онлайн режимінде тапсырыс қабылдау және жеткізіп беру кызметiмен;

- Көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй алаптарында орналасқан азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін дүкендер сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін;

- Мемлекеттік мекемелердің, офистердің қызметі. Бұл ретте қызметкерлердің 50% қашықтықтан жұмыс атқарады.

- Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

- Балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу, ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ балалардың коррекциялық және оңалту кабинеттері;

- Қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастау;

- «Азаматтарға арналған үкімет» бизнеске қызмет көрсету үшін және мамандандырылған бөлім;

- «Атамекен-қолдау орталығы» жұмыспен қамту мобильдік орталығы;

- Авиарейстер
Шымкент - Нұр-Сұлтан - Шымкент, Шымкент - Алматы - Шымкент, Шымкент – Петропавл – Шымкент.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден - 18:00-ге дейінгі режиммен жұмыс жасайды.

Нысандардығы санитарлық қауіпсіздік талаптары қызметкерлер мен келушілерден қатаң талап етіледі. Егер сақтық шаралары орындалмаса, айыппұл салынып, нысан жабылады.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-
инновациялық даму басқармасы