
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тұрдыабад тұрғын алабында кешенді спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Досбол Есілбек қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында биыл Еңбекші ауданында 29 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Одан бөлек 7 кешенді спорт және балалар ойын алаңшаларын орнатылады.
Қазіргі уақытта 20 балалар ойын алаңшасы және 6 кешенді спорт алаңша тұрғындардың игілігіне берілді. Қалған алаңшаларды биылғы жылдың қазан айында тапсыру жоспарда бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі