
Вирус жұқтырған 1969 жылы туылған азаматша және 1967,1992 жылы туылған ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған жалпы 204 жағдай тіркелген.