ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар    2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

01.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 201 адам анықталды.