ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі - әйел, біреуі - ер азамат. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

30.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 192 адам анықталды.