ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатын А.Асқаров атындағы Шымкент Дендрологиялық саябақ аумағы заманауи талапқа сай суарылуда.

Саябақты жүйелі түрде суару мақсатында 4 су ұңғымасы қазылды. Сондай-ақ суару жұмыстарына демеушілер есебінен 4 техника 20 ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1 су ұңғымасы іске қосылып, Тұлпар аумағын суару жұмыстары жүргізілуде, 2 су ұңғымасы жақын күндері іске қосылады деп жоспарлануда.


Қазіргі таңда дендросаябаққа күрделі жөндеуден өткен БМК су арнасы арқылы су келіп, жасыл желекті суғару жұмыстары талапқа сай атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі