
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесіне айырықша тоқталған еді.
– Жоғары оқу орындарды бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан сәл ғана асады.
Біздегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар – Ел тірегі», «Жастар практикасы» сияқты бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек,- деген Президент.
Осы орайда Абай ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Қазығұрт шағын ауданына арнайы барып қайтты.
Олар, жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына, білім алуына және жұмыспен қамтамасыз етілуіне зор мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары» мен мемлекет тарапынан берілетін гранттар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы жастар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін жастар тұрғылықты мекен-жайы бойынша еңбек мобильділігі орталығына өтінішпен жүгінуі тиіс.