ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 5 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 5 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған азаматтар 1990 ж., 1977 ж., 1985 ж., 1980 ж., 1982 жылғы қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

26.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 адам анықталды.