Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам туралы ақпарат

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам туралы ақпарат

Вирус жұқтырған 28  азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам.