
Бүгін Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату.
Жиында екі елге ортақ келісім орнатылды. Өңірдің бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов пен Генуя қаласы мэрінің жаңа кәсіпорындар құру бойынша кеңесшісі Давид Фалтери мырза екі жақсы меморандумға қол қойылып, бауырлас қалалар болып бекіді.
- Республикалық қала мәртебесіне ие болған Шымкент қаласы мен Италия Республикасының жетекші қалаларының арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың дамуы екі ел арасындағы ынтымақтастығына зор үлес қосады деп үміттенемін. Сонымен қатар, алдағы уақытта Генуя қаласымен стратегиялық жоспарларымыз, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобаларымыз жаңа белеске көтерілетініне сенімдімін, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Генуя – Италиядағы өнеркәсібі дамыған ірі портты қаланың бірі. Сондай-ақ, ғылыми орталықтар мен университеттердің ордасы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі