Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 4 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  4 жағдай туралы ақпарат

Ауру жұқтырғандар 1990ж, 1977ж, 1978,ж, 1976 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар 1966 жылғы коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.Осыған орай, екі ошақ анықталған: 4-ші шағын аудан және Гагарин көшесі. 
 
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 71 адам анықталды.