ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА "COVID-19" ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 4 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА "COVID-19" ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 4 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырған азаматтар 1964 ж., 1984 ж., 1985 ж., 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары.  Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.

 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы