Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  3 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  3 жағдай туралы ақпарат
(15.04.2020 жылғы сағат 23:30-дегі мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары.  COVID-19-ды жұқтыру қауіпі жоғары топтағы медициналық қызметкерлерді тестілеу кезінде анықталғандар.   

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда үшеуінің де жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 43 адам анықталды.

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы.