Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат
(15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырған азаматша  1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны.  Ол  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 40 адам анықталды.
 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы.