ШЫМКЕНТ: СALL ОРТАЛЫҚ 8707 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

ШЫМКЕНТ: СALL ОРТАЛЫҚ 8707 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының сауалдарына тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall орталық ​ жұмысын бастаған болатын.
39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап берді. ​ ​
Орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр.
Жалпы, бүгінге дейін сall орталыққа:
- әлеуметтік көмек жайлы 5454;

- тасымалдау бойынша 1553;

- кәсіпкерлік туралы 722;

- блок-бекеттер жайлы 378;

- коммуналдық проблемалармен 223;

- карантин бойынша 128;

- бетпердеге қатысты 87;

- азық-түліктің бағасы туралы 86;
- дезинфекциялау мен ​ қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған.
Әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау (переадресация) жүйесіне қосылған.​ 

 

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы