Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы ақпарат (08.04.2020 жылғы сағат 21:15-тегі мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді.  Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.
Біреуі 2006 жылғы бала, екеуі 1967, 1971 жылғы әйел азаматы.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 08.04.2020 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 23 адам анықталды.