Шымкент қаласында ​ коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді.

Шымкент қаласында ​ коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді.

Аталған науқастардың барлығы  5 сәуір күні індет анықталған Желтоқсан көшесінің 24 жасар тұрғынымен байланыста болған азаматтың отбасы мүшелері.

Індетті жаңадан жұқтырғандар оқшауланған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген сынама олардың бойынан COVID-19 вирусына оң нәтиже көрсетті. Науқастардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, оларға қажетті ем тағайындалды.

Қазіргі таңда Шымкентте коронавируспен жалпы 19 жағдай тіркелген.