
Атап айтқанда, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды.
Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
— Аудан аумағындағы "Евразия", "Бенефис", "Әсел", "Алтын орда" базарларының жұмысы тоқтатылды. Ал "Исатай", "Көктем" базарлары мен "Айна" базарының азық-түлік сататын бөлігі 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеуде. Ал "Айна" базарындағы "Көктем" автобекеті жұмысын биылғы 25 наурыздан бастап тоқтатты, - деді аудан әкімі.
Ғ.Ілиясовтың айтуынша, «Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатқан. Сонымен бірге, аудандағы телефон сататын 7 дүкен уақытша жабылған.