БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен елдімекендерді табиғи газбен қамту және даму перспективасы талқыланған арнайы жиында айтылды.

Бүгінде қала аумағындағы 7 251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін 51 шақырым газ құбыры қалпына келтірілетін болады.

Жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында 2 магистральды желінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ биыл Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Арғымақ, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі