ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ҚАРСАҢЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ҚАРСАҢЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

1 маусым - балаларды қорғау күніне орай, бүгін Шымкент қалалық Еңбекші ауданында заманауи үлгідегі 3 балалар ойын алаңшасы балалардың пайдалануына берілді. Ойын алаңшаларының ашылу салтанаты мерекелік шараға ұласып, түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Балаларға демеушілер тарапынан сыйлыққа ойыншықтар үлестіріліп, тәтті балмұздақ тарту етілді. Биылғы жылы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы орнатылады.

Ал, алдағы күндері жеке секторлы үйлерде 11 кешенді спорт және ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі