
Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистің транзиттік әлеуетін арттыратын нысанның құрылыс жұмыстарын қадағалады. Нысан 6 кезеңнен тұрады.
Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.
Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі