
Қала тұрғындарының назарына!
Алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – жарамсыз болып саналады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Қылмыстық" кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің сайтында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет.
Тел.: 8 707 201 9150
8 775 447 78 89
8 747 309 44 87
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі