Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Сейсможаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Сейсможаттығу өткізілді

2023 жылғы 3 мамыр күні «Петро Қазақстан Ойл Продакст» ЖШС базасында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Сейсможаттығу өткізілді. Зауыт аумағында сиреналар іске қосылып, азаматтық қорғау құралымдарының барлау және құтқару командалары зардап шеккендерді іздестіріп, қирандылар ішінен алып шыққан 2 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көрсету жұмыстарын практикалық түрде көрсетті. Практикалық іс-шараға жалпы саны 210 адам және 19 техника жұмылдырылды.