ШЫМКЕНТТЕ 3 СУ АРНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ 3 СУ АРНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр.
Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі