ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXII СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXII СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкенттік делегация мүшелері 2023 жылғы 26 - 27 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына аттанды.
Сессия жұмысына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысуда. Делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.
Сессияның бірінші күні Назарбаев Университетінде секциялық пікірталас алаңдарының жұмысы сессия делегаттарының және сарапшылардың кең ауқымының қатысуымен ұйымдастырылды.

Делегация құрамындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері секциялық пікірталас алаңдарында "ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі", «Жалпыұлттық бірегейлік бойынша интенсив», «Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив» тақырыптарында сарапшылармен өзара пікір алмасуда.

Айта кетейік, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы Елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі