КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДИЗАЙНЕРЛЕР АТСАЛЫСУДА

КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДИЗАЙНЕРЛЕР АТСАЛЫСУДА

Tұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның- 6 000, цинерарияның - 2500, остеоспермумның - 1500, шафранның - 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда.

Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда.