ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

 Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды.

Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген.
Іс-шара сәуірдің 17-21 аралығында қаладағы 13 жетекші колледж базасында өтеді.

Аймақтық кезеңге 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысуда. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша өтуде.Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалайды.

Іс-шара аясында 9-11 сынып оқушыларына «Ашық есік» күндері өткізіледі. Жобада білім ұйымдарының материалдық- техникалық базасы мен жетістіктері таныстырылып, инновациялық көрме ұсынылады.

@shymkent_bilim