МАГИСТРАЛЬДІ КӨШЕЛЕР КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАНАДЫ

МАГИСТРАЛЬДІ КӨШЕЛЕР КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАНАДЫ

Магистральды көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Қазір арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Жауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды.

Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылуда.

Сондай-ақ ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.