БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 27 МЫҢ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 27 МЫҢ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ

1-сыныпқа өтініш беру 1-сәуір мен 1-тамыз аралығында жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі 🔗egov.kz электрондық үкімет веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде көрсетіледі. Балалар 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өтініштер демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбі, жұма аралығында қабылданады.

Төмендегі құжаттар талап етіледі:

Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны

баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.

Ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық – психологиялық –медициналық кеңесі» қорытындысы.