
Соңғы кездері қала аумакғында улы газдан улану жағдайларының саны артуда. Мұндай жағдайлар тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін сақтамадаудан орын алып отыр.
Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, Аудан әкімдіктері және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының тарапынан газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
2022 жылы газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу бойынша - 7 дерек анықталған болса, 2023 жылы - 65 жеке тұлға 784 875 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған орай, қала тұрғындарына Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес айыппұл салу көзделгендігін хабарлаймыз.
Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөнінде мәселелер бойынша Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және төменде көрсетілген көрсетілген байланыс нөмірі арқылы хабараласып білуге болады.
Instagram – gask.shym
Facebook – ГАСК
Whats App – 8701 333 40 15
104 – газ авариялық қызметі