
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігінен 4 орын, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелігінен 2 орын, Енбекші аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелігінен- 4 орын, Қаратау аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелігінен- 2 орын босауына байланысты, Шымкент қаласының мәслихаты бос орындарға үміткерлер бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.
Конституциялық заңның талабы негізінде әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар саяси партияның мүшелері болып табылмайтын үміткерлерді ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесіне үміткер осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 14 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанды қоса алғанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 15:00-ге дейін
Шымкент қаласы мәслихаты
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы – Б.Нарымбетов
Мәслихаттың орналасқан жері: Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы,10.
Жауапты тұлға – Ақмарал Төреханқызы Алибекова, № 206 каб., қызметтік телефон 24-75-57; электрондық пошта: maslihat_shm@mail.ru.