Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов Бәйдібек би даңғылындағы «Қос тұра» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жалпы аумағы 142 394 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаңдары бар «Қос тұра» кешені 1 198 пәтерлі 15 үйден тұрады. Құрылысы 2020 жылы басталған, аяқталу мерзімі 2025 жыл.
Бүгінге дейін 55 000 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілген.
Қазіргі уақытта кешенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Мұрат Дүйсенбекұлы үйлердің заманауи дизайнда, сапалы әрі тұрғындарға қауіпсіз, қолайлы болуына аса мән беруді ескеру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті басқарма мен жауапты сала басшыларына аталған нысандардың жұмысын жоспарланған уақыт ішінде аяқтауды тапсырды және жан-жақты қолдау жасалатынын айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі