ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНА 10 000 АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНА 10 000 АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан шаһар аумағындағы жасыл белдеу көлемін арттыру жоспарланған болатын.
 
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі басқармалары қызметкерлерімен бірге «Жасыл қала» акциясы аясында сенбілікке шықты.
 
Олар Қаратау ауданына қарасты Шымкент сити, Тұран, Тұран-2 және Бозарық елді мекендеріне 10000-ға жуық ағаш көшетін егіп, тазалық жұмыстарын жұргізді.
 
Тазалық жұмыстарына арнайы 4 техника және 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Құрметті қала тұрғындары! Осындай игі істерге бірге атсалысып, белсенділік танытайық!
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі