Қала әкімінің тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы А. Аскаров атындағы дендрологиялық саябақтың жарықшамдары толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда мүлдем істен шыққан 400-ге жуық шам ауыстырылды.
Жарықшамдар Дендрологиялық саябақтың барлық дерлік аумағына қойылды, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін веложол бойына толық орнатылды.
Жарықшамдардың қуаттылығы 150ВТ.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары Дендрологиялық саябақ жарықшамдарының алдағы уақытта тәулік бойына жанып тұруын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі