АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ІШКІ ОРАМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ІШКІ ОРАМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
 
Тазалық жұмыстарына "Build Stroi" ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
 
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі