ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда.
 
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, Камаз – 6 дана , ГАЗ 53- 8 дана, Погрузчик – 1 дана, Камаз ПР – 20 дана, Трактор 82,1 – 3 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхоз – 3 дана, Газ-Саз – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз ассенизатор – 1 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 1 дана, Погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.
 
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі