
2022 жылғы 11-қараша күні сағат 15:00 Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетінің конференц-залында (340 аудитория) өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы.8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708) 132 78 66, 8 (701) 788 54 56, 8 (776) 001 05 79 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.