ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫНА 8378 АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ

ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫНА 8378 АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
Шымкентте күзгі маусымдық ағаш егу жұмыстары жалғасуда.
 
Дайындық 5 қарашадан басталған, қазіргі күнге дейін "Шымсая" шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды.
Жоспарға сай бұл аумаққа 8378 ағаш көшеті егілмек. Оның ішінде жиде, глядичия, жабайы өрік және айлант көшеттері бар.
 
Мұндағы отырғызылған ағаштар үшін барлық аумақты сумен қамтамасыз ететін 4 ұңғыма бар.Қосалқы жағдайда су тасымалдаушы арнайы техникалар да қарастырылған.
 
Бұл жұмысқа Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы "Жасыл белдеу" КММ-нің қызметкерлерімен қоса, 20 маман мен 3 тракторды жұмылдырып отыр.