МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ерманның қатысуымен ағымдағы жылғы 4 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу» мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

 Семинар-кеңесте:

  • қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Мәулкенқұлов «Сайлаушылар тізімі, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ЖАО атқарған жұмысы туралы»;
  • қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Нарбекова «Сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін және мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беруге жағдайды қамтамасыз ету туралы»;  
  • Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Н.Базарбаев «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы»;
  • Қалалық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары С.Абдуллаев «Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу туралы»;
  • Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Құнанбаев «2022 жылға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Шымкент қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы туралы» хабарлама жасады.

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ерман кездесуді қорытындылап, дауыс беру күні сайлаушыларға барлық жағдай жасау қажеттігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Орталық с айлау комиссиясының электоралды оқыту бөлімі басшысының орынбасары Т. Рыспековтың қатысуымен Шымкент қаласындағы №101 учаскелік сайлау комиссиясының базасында учаскелік комиссия мүшелерінің қатысуымен «Дауыс беру күні» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу рөлдік ойыны өтті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ерман Шымкент қаласы аумағындағы бірқатар сайлау учаскелердің дайындық жұмыстарымен танысты.