Егер заң талаптарын, құрылыс нормаларын сақтап құрылыс жобаларын жүргізген жағдайда, нысан заңды құрылыс болып табылады. Атап айтқанда:
- жер учаскесіне құқығы болуы тиіс (нысаналы мақсатына сәйкес);
- құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-АПЗ).
- эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу (Эскизный проект)
- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу (Экспертиза).
- мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау әрекеттерін орындау қажет.
Аталған талаптар сақталмай құрылыс жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап, 463 баптың 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Және 40 – 580 АЕК аралығында айыппұл салынатын болады.
Сондай –ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244 бабына сәйкес сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылуына әкеп соғады.