
Шымкент қаласындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша қаралымдағы 810 өтінім, өтінім иелеріне өңдеуге жіберілуде.
Азаматтар өңдеуге жолданған құжаттарды 2 жұмыс күні ішінде толықтырып қайта жолдаулары қажет. Екі жұмыс күні аралығында өңделмеген құжаттар немесе дұрыс өңделмеген құжаттар қарауға алынудан бас тартылады.
«Жастар» бағдарламасы бойынша өтінімді өңдеу барысында төмендегі көрсетілген шарттарға аса назар аударуларыңыз қажет.
- құжаттарыңыздың сапалылығына;
- ұяшықтарды дұрыс толтыруға;
- банктік шотқа депозиттік шоттың ашылған күнін көрсетуді және дәлелді құжатты қосуды;
- қызмет барысындағы жеке жетістіктерге ағылшын курсын немесе басқа да курстарды аяқтау, қол алысып тұрған фотосуреттер, ата-анаға бала тәрбиесі үшін берілген алғыс хаттар, жақсы оқығануы үшін, тәрбиелі студент болғаны үшін берілген сертификаттар мен мадақтамалар жатпайды. Сондықтан, тек қызмет барысында бағаланған мадақтама, алғыс хат, орден, медаль және т.б. қосуды;
- бюджеттік саладағы еңбек өтілі мен жеке кәсіпкерліктің ашылған уақытын дәлелдейтін құжаттарды міндетті түрде салуды;
- 100 мамандыққа игерген мамандығыңыз кірмеген жағдайда "басқа-иное" батырмасын басуыңыз.
Айта кету керек, "Жастар" бағдарламасы бойынша кезекті өтінім қабылдау 2022 жылдың 6 қазан-7 қазан аралығында жүргізілген болатын.