ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
Биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 - і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.
 
Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.
 
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған.