Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 %-ға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 %-ға ұлғайту көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.
“Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» ш/а, «Асар-2» ш/а жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» т/а желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз”-деді аудан әкімі.
Сонымен қатар Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.
Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады.
Биылғы жылы “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Алдағы жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.