Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 06 қазан күні сағат 09-00 ден 07 қазан сағат 19-00 аралығында жүргізіледі. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 286 пәтер 189 орамда орналасқан.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды еске саламыз. Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үйі тіркелмеуі керек, Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар ай соңғы алты айдағы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.
Құжат тапсыру немесе өңдеу кезеңінде азаматтар техникалық сұрақтар туындаған жағдайда кеzekte.kz cайтының телеграмм-парақшасына сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы өтіп (тек жұмыс уақытында) сұрақтарын қойып жауап ала алады.
Құрметті жастар, өздеріңіз бен өзгелердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында көрсетілген талаптарға мән берулеріңізді сұраймыз. Талаптарға сай келмесе де өтінім жолдау өзге жастардың құжаттарының қаралым уақытын созуға әкеледі.