Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді.
Мұнда күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетеді. Түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике жұмыс істейді. Түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Балаларға арналған бөлімде осы уақытқа дейін бір кабинет жұмыс істеген. Сондықтан ата-аналарға балаларымен ұзақ уақыт кезекте тұруларына тура келген.
Осындай қиындықтардың алдын алу үшін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасына сәйкес, емхана басшылары түнгі ауысымда екі кабинетті іске қосты. Қазір түнгі ауысымда балалар үшін үш кабинет жұмыс жасауда. Нәтижесінде ата-аналар мен балалардың кезегі азайып, уақтылы ем алуына жағдай жасалынды.