
Биыл балалар жылына орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы халықаралық конвенция аясында еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын дәріптеу және жаңғырту мақсатында бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған орай, Министрлік пен Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитеттің бірлесе жүргізуімен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілуі жоспарланып отырған қазақтың ұлттық биі «Ортекені» балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау үшін оқушылар арасында «Ортеке балалар көзімен» атты республикалық сурет салу байқауы өтеді.
Құрметті жас буын, сіздерді аталмыш республикалық сурет байқауына қатысуға шақырамыз!