А.НАВОИ АТЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

А.НАВОИ АТЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебіне барды.
 
Аталмыш білім ошағы осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. Сонымен қатар, химия, физика, биология, информатика т.б. зерттеу-лабороториялық кабинеттері қосылды.
250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды.
 
Мұның барлығы үлкен жұмыс және жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар жаңа ғимаратқа көшкендей әсерде болады деп ойлаймын. Қандай да ақау шықса, жауапты мердігер мекеме жіберген қателіктерін 5 жыл ішінде қайта түзеп беруі тиіс. Осы жағын дұрыстап қадағалаңыздар,-деді әкім.
 
Әзірге жұмыстың 85% орындалған. Күрделі жөндеу қыркүйекке дейін толық аяқталмақ.