М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдауы барысында ауданға қатысты 110 хаттамалық тапсырма берген-ді. Бүгінде оның 57-сі орындалып, 53-і жұмыс барысында. Соның ішінде Ынтымақ шағын ауданына қатысты бірқатар мәселе шешілген.
Бүгін қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады.
Қала әкімі Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайы күн тәртібінен түспейтінін, мәселенің орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.